Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

2013 жылы Испанияның Қазақстанға шыққан экспорты 209 млн евроны құрады – Мариано Рахой

2013 жылы Испанияның Қазақстанға шығарған экспорты 209 млн евроны құрады, деп Испанияның үкімет басшысы Мариано Рахой «Жасыл өткел» мен «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған халықаралық конференцияда айтты.
Әлемде30 Қыркүйек , 15:43

Испанияның Премьер-министрінің айтуынша, қазақстандық экономика жыл өткен сайын испандық кәсіпкерлердің қызығушылығын арттыруда. Испан экспорты соңғы 3 жылда қарқынды өскен.

«2011 жылы экспорт 2 есеге,  ал 2012 жылы 68 пайызға өскен. 2013 жылдың жарты жылдығы бойынша 209 млн евроны құрады. 2012 жылдың жалпы көлемінен асып түсті», - деді М. Рахой.

М. Рахой атап өткендей, Қазақстан тұрақты дамуға ұмтылуда. Екі мемлекет арасында қоршаған  орта факторы маңызды рөл ойнайтын болады.

«Мен ЭКСПО-2017 елді дамытатын жаңа технологияларға жол ашып, қарқынды дамуға өз ықпалын әкелетініне сенемін», - деді Испанияның үкімет басшысы. Сонымен қатар, елде жаңа жұмыс орындарының ашылатынына үміттенді.

Сонымен қатар, М. Рахой «Астана-жасыл өткел» ұсынысын Н. Назарбаев Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ біріккен конференцияда айтылғанын еске салды.  

«Испания әлемдік нарықта өндіріс, технология салалары бойынша көш бастап тұрған елдердің бірі. Орта Азия елдері Қазақстанның төрағалығымен Испанияның қолдауына сене алады», - деді М.Рахой.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика