Адами капитал

Ақтөбе облысының ҰОС ардагерлеріне Мемлекет басшысының атынан құттықтау келді

Ақтөбе облысының әкімі А.Мұхамбетов, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері барлық ардагерлерді Мемлекет басшысы атынан жаңа жылдық сыйлықтар мен құттықтау хаттарын табыстады.
Ақтөбе29 Желтоксан , 17:48

Облыстың ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, Ақтөбе облысы бойынша 180 ардагер бар, соның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 141 болса, аудандарда 39.

Сонымен қатар, Жеңістің 70 жылдығын тойлау бойынша облыстық жоспарға сай, 2015 жылы Ақтөбе қаласындағы Даңқ Мемориалын, Ресей Федерациясындағы Ржев қаласының 101-ші атқыштар бригадасының мемориалдар кешенін жөндеу мен қалпына келтіру, Кеңес Одағы Батырларының аты берілген барлық көшелерді жөндеу, Әлия Молдағұлованың 90 жылдығын тойлау шаралары мен ғылыми шараларды атқару жоспарланған.




Яндекс.Метрика