EXPO-2017

Өндіріске «жасыл» технологияны енгізіп отырған кәсіпорындар марапатталды

«Болашақ энергиясы» халықаралық конференциясы шеңберінде өндіріске «жасыл» технологияны енгізіп отырған кәсіпорындар марапатталды.
Астана қаласы29 Желтоксан , 12:02

«Қазіргі таңда индустрияда нәпәқасын тауып жатқан қазақстандықтардың саны 1 млн-нан асады. Осы ретте қайта өңдеу саласында еңбек өнімділігі 60%-ға өсіп, энергия сыйымдылығы 19%-ға төмендеді. Стратегия-2050 аясында 2050 жылға қарай энергияның 50%-ын жаңартылған энергия көздерінен өндіру міндеті қойылған. Осы ретте Қазақстан үйреншікті энергия көздерінен көп көлемде энергия өндіреді», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анатолий Пепенин.

Сонымен, конкурстың органикалық ауыл шаруашылығы номинациясында «СТРЕЛЕЦ А.В.»ЖК жеңімпаз атанды. Негізгі мақсаты - экологиялық таза егін шаруашылығы және оның тиімділігі. Пайдаға асыру және қалдықтарды қайта өңдеу номинациясында «ЭКО-МАРТ» инвестициялық топ» ЖШС жеңіс тұғырынан көрінді. Жасыл кеңсе номинациясында - «Эргономика» ЖШС, энергияны үнемдеу номинациясында - «Сантехөндіріс» ЖШС жүзден жүйрін атанды.

Сонымен қатар, «ЭКО-PARK»ЖШС жобасының экономикалық табысы шығындарды төмендету бойынша тәулігіне 60 мың теңгені құрайды.

Бұдан басқа, «Ақсай нан комбинаты» ЖШС ағынды суларды тазарту үшін орташа есеппен 1 млн теңгені жылына үнемдейтін болады. Екінші рет пайдалануға берілген қалдықтардан түсетін табыс орташа есеппен жылына 800 мың теңгені құрайды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика