Халықаралық интеграция

Қазақстан облыстарынан Ресейге ет экспорттау мүмкіндігі ашылды - АШМ

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Россельхознадзордан Қазақстан Республикасының аумағы аусыл бойынша таза қолайлы аймақ туралы қорытынды алды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығының министрлігі.
Астана қаласы29 Желтоксан , 14:03

«Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Россельхознадзормен Қытай және Қырғызстанмен шекаралас Жамбыл облысының 4 ауылдық округымен Алматы облысының 5 ауылдық округтерін қоспағанда бұрын шектеу қойылған аймақтардан Ресей Федерациясы территориясына ет экспортымен  ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауын келісті», - делінген хабарламада.

2014 жылдың тамызында қазақстандық тараптың мақсатты жүргізілген шаралардың және Россельхознадзормен өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысындағы шектеу алынып, Ресей Федерациясына мал өнімдерін шығару жөнінде рұқсат берілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін ресми түрде алу үшін Халықаралық Эпизоотиялық Бюросына екі өтінім берді. Халықаралық сарапшылардың миссиясынан және осы мәселеге байланысты құжаттар жинағы қаралғаннан кейін 2015 жылдың мамырында өтетін ХЭБ-тың кезекті Ассамблеясында Қазақстан Республикасының аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алу мүмкіндігі күтілуде. Бұл ЕО және ДСҰ елдеріне мал өнімдерін экспорттауға және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша 11908,33 тонна ет және ет өнімдерін экспорттады.

 

 




Яндекс.Метрика