Өңірлер

Павлодарда хлор дайындайтын кәсіпорын іске қосылды

Павлодарда хлор мен хлор содасын дайындайтын кәсіпорын «Каустик» АҚ жанынан ашылды, деп хабарлады ҰКП.
Павлодар29 Желтоксан , 13:32

Жаңа кәсіпорын жылына 30 мың тонна каустикалық сода мен 26 мың тонна хлор өндіретін болады. Оған қоса, әлемдік деңгейдегі өндірістік құрылымдар мембраналық технологиялардың қолданылуымен жүзеге асты. Сондай-ақ, 16,2 млрд теңгенің жобасы 500 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

«4 жыл ішінде 70 мың тонна каустикалық сода өндірілді. 50 мың сұйық хлор, 52 мың тонна тұз қышқылы өндірілді. Біз отандық нарықты  осы жылы игердік, Ресейге тауар шығара бастадық. Бүгін республика үшін жаңаша өндіріс түрі мембраналық технология жүзеге асуда», - деді «каустик» АҚ басқарма төрағасы Е.Орымбеков.




Яндекс.Метрика