Адами капитал

ОҚО-да жиырма ардагер Елбасының құттықтауын алды

Оңтүстікқазақстандық 20 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа жылдық құттықтауы табысталды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан29 Желтоксан , 15:48

Елбасы атынан мерекелік сый-сияпат жасалды. Алдымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Ұлы Отан соғысының ардагері Қаратай Төлебековтың үйіне барып, 91 жастағы ардагер-қарияны құттықтады.

1924 жылы Алғабас ауданы, Жүзімдік ауылында туылған Қ.Төлебеков Ұлы Отан соғысын 1942 жылы Мәскеуден бастап, Балтикада аяқтаған. Елге 1950 жылы оралып, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Шымкент кооперативтік техникумында директор, политехникалық техикумда кафедра меңгерушісі, жоғары оқу орнында оқытушы болып еңбек еткен. Жұбайы 85 жастағы тыл ардагері Қымбат апа екеуі 2 ұл мен 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 8 немере көріп отыр. Елбасының елге деген ықыласына тәнті болған қария Мемлекет басшысының Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңындағы Жаңа жылдық құттықтауына алғысын жеткізді.

Әкімдікте хабарлағандай, Тәуелсіз Қазақстанды өсіп-өркендету бағытында атқарылып жатқан еліміздегі игі тірліктерді қолдайтынын айтты. Осыдан кейін өңір басшысы 92 жасар Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля Анна Федоровнаның шаңырағында болып, Елбасының мерекелік құттықтауын табыстап, жаңа жылдық сый-сияпат жасады. Мұндай ыстық ықыласқа қуанған ардагер Мемлекет басшысының мереке қарсаңындағы құттықтауын қуана қабыл алды. 1923 жылғы 12 маусымда Арыс ауданында дүниеге келген А.Шаля 1941 жылы радиотелеграфистер дайындайтын курсты тәмамдаған, 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Румыния, Венгрия және Чехословакияны жаудан азат етуге қатысқан. 1946 жылы елге оралғаннан кейін білім беру және партия қатарында еңбек етіп 1979 жылы зейнеткерлікке шыққан.

 Облыс әкімімен болған сұхбат барысында ардагерлер Мемлекет басшысына деген құрметтің ерекше екенін айтып, жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын білдірді. «Келесі жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Осы мерейлі жылға орай Мемлекет башысының арадагерлерге көңіл бөліп, арнайы құттықтау жолдап отырғаны бізді ерекше тебірентті. Жеңістің 60 жылдығына орай Мәскеуде өткен әскери шеруге бұрынғы одақтас елдерден тек бес ардагерден ғана қатысса, Қазақстаннан 25 ардагер қатысты. Біз мұны Елбасының асқақ абыройының белгісі деп білеміз», − деді Анна Шаля. Бұдан өзге бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары мен аудан, қала әкімдері Шымкент қаласы мен Сайрам, Төлеби аудандарында тұратын он сегіз ардагердің шаңырағына барып, Елбасының мерекелік құттықтауын табыстады.




Яндекс.Метрика