Адами капитал

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері ұлықталды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қолдау көрсету жөніндегі Жалпыұлттық акциясы аясында қаладағы соғыс ардагерлерін алда келе жатқан 2015 жылмен құттықтады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы29 Желтоксан , 12:48

«Сіздердің ұрпақ өкілдері соғыс жылдарында да, соғыстан кейін де асқан ерліктің, жанқиярлық еңбектің үлгісін көрсетіп, күні бүгінге дейін өскелең жастарға өнеге болып келеді. Қазақстандықтар осынау ерлікті өте жақсы біледі, ардагерлерге құрмет пен қамқорлық көрсетеді. Ұлы Отан соғысы Жеңісін тойлау барысында Сіздер сапта болсыздар деген нық сенімдемін. Сіздерге мықты денсаулық, таусылмас қайрат, ұзақ өмір, жақындарыңыз бен туыстарыңызға баянды бақыт тілеймін!», - делінген Мемлекет басшысының жеделхатын оқып берді.

Мегаполис басшысы Жалпыұлттық акцияның аса маңыздылығын атап өтіп, посткеңестік кеңістікте тек Қазақстанның ғана 2015 жылдың қарсаңында осындай аса маңызды ресми шара ұйымдастырып отырғандығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында алдағы жылдың ТМД елдерінде Ардагер жылы деп жарияланғандығын айтты. Осы шара аясында 26 – 30 желтоқсанда республикада тұратын 5115 Ұлы Отан соғысының ардагерлерін облыс, қала аудан әкімдері өздері жеке барып құттықтап, Мемлекет басшысы атынан сыйлықтар тапсыратын болады. Алматыда Ұлы Отан соғысының 900 ардагері тұрады.

«Соғыстан кейін поскеңестік кеңістікте үлкен өзегірстер болды, кейбір одақтас республикаларда ардагерлердің ескерткіштері алынып тасталды,атаулы дата аталып өтпейтін болды. Қазақстанда мемлекет тарапынан ардагерлерге барлық жақсылықтар жасалуда. Біз Сіздермен Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алатын боламыз, бұл майдандас достарды еске алу шарасына айналмақ. Ежелгі дәстүр бойынша 9 мамырда 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында бас қосып, мерекені атап өтетін боламыз. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, бақыт тілеймін», - деп қорытындылады өзінің сөзін қала әкімі.




Яндекс.Метрика