ҚР ИИДМБ

Қазақстанның экономикасы үшін ішкі өндірісті өсіру мәселесі маңызды - сарапшы

Қазіргі таңда біз ҮИИД МБ бірінші кезеңі аясында жасақталған нақты база кезеңіне келіп жеттік, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында экономист Оразалы Сәбден.
Астана қаласы29 Желтоксан , 12:18

«Геосаяси шиеленістердің өршіп, Ресейге қарсы батыс державалары тарапынан санкциялар енгізу үдерісінің басталуы сарапшылар қауымдастығын өз ұлттық экономикалары мен отандық қаржы жүйелерін олардың теріс әсерінен қорғап қалудың тәсілдерін іздестіруге мәжбүрлеуде, себебі мұндай мәселе дүниежүзі экономикасына белсенді түрде интеграцияланған кез-келген елде туындауы мүмкін», - деп есептейді Оразалы Сәбден.

Оның айтуынша, доллардан арылу үдерісі банкілердің қоржындарындағы валютамен рәсімделген несие мен валютамен рәсімделген депозиттер көлемін айтарлықтай төмендетеді. Бұл өз кезегінде банкі саласында шетелдік валюта бойынша берілген міндеттемелердің тәуекелділігін төмендетеді. Экономиканың барлық саласында, ең алдымен қаржы жүйесінде қарыз алушылардың берешегіне қатысты жауапкершілігі маңызды. «Жоғары долларландыру деңгейі әсіресе валюта жүйесінде тұрақсыздық орын алған жағдайда  берешектердің қайтармау тәуекелділігін арттырады», - деп атап өтті ол.

Оның үстіне,  доллардан арылу үдерісі қаржы жүйесіне шетелдік валютаның ағымын, оған деген қажеттілікті төмендетеді, осылайша ұлттық валютаның нығаюына септігін тигізеді. Сарапшы атап өткендей, қаржы жүйесіндегі валюталық тәуекелдер азайып, ішкі нарықтың теңгелей дамуы қамтамасыз етіледі.

«Экономика үшін бүгінгі таңда ішкі өндірістің дамуы маңызды. Доллардан арылу үдерісі ұлттық тауар өндірісінің нақты дамуына және импорттың төмендеуіне оң әсер ету керек», - деп атап өтті экономист.

«Қазіргі таңда біз ҮИИД МБ алғашқы бесжылдығында жасақталған нақты база кезеңіне келдік. Өндіріс ошақтары құрылды, инфрақұрылым дамыды, әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінді. Енді біздің алдымызда бұл өндіріс ошақтарына қолдау көрсетіп, ұлттық және халықаралық дәрежеде басқа да батыл жобаларды іске асыру кезеңі бар», - деді Оразалы Сәбден.

Осы ретте сарапшының пайымынша, мемлекет Ұлттық қордан бөлінген қаржыны тиімді игерілуі үшін экономикаға милиардттаған қаржыны құйып қана қоймай, бірқатар үйлестіруші шараларды қабылдауы тиіс. Олар: салықтық, кедендік ынталандыру мен әкімшілік қысымдарды шешіп отыру.




Яндекс.Метрика