Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Қазақстан – Үшінші индустриалды революцияның «пионері»

Испанияның Премьер-министрі Мариано Рахой Қазақстанды Үшінші индустриалды революцияның «пионері» деп атады, оған қоса мемлекеттің қарқынды дамуы мен инвестициялық өндірістің өсуін атап өтті.
Әлемде30 Қыркүйек , 15:36

М.Рахой  Қазақстанның  болашақтағы энергия көзі ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу дәрежесін ұтып алғандығымен құттықтады. Жоба басынан бастап Испания тарапынан қолдауға ие болғандығын айтты.  

«Мен ЭКСПО-2017 елді дамытатын жаңа технологияларға жол ашып, қарқынды дамуға өз ықпалын әкелетініне сенемін», - деді Испанияның үкімет басшысы. Сонымен қатар, елде жаңа жұмыс орындарының ашылатынына үміттенді.

Оның пікірінше, мемлекеттердің үкіметі қоршаған ортаның экономикалық құндылығын ескеру керек.

«Экономика тарапынан негізгі түйін ретінде таңдалмаған әрекет тұрақсыз болады, сондықтан біз қоршаған ортаның экономикалық құндылығын есеруіміз қажет», - деді М. Рахой.

Оның ойынша, Қазақстан бүгінгі таңда тұрақталған экономикалық державаға айналған.

«Бұл мемлекет дамудың толық үрдісін жүзеге асыруда. Жыл өткен сайын испандық кәсіпкерлердің қызығушылығы артуда. Испандық экспорт шығарылымы соңғы үш жыл ішінде көтерілді. Тек бірінші жарты жылдық ішінде экспорт құны 209 млн евроны құрады», - деп Испанияның Премьер-министрі атап өтті

 

 

 

 




Яндекс.Метрика