EXPO-2017

Астанада «Online EXPO-2017» жобасы таныстырылуда

Астанада өтіп жатқан «Болашақ энергиясы» халықаралық конференциясы шеңберінде «Online EXPO-2017»жобасы таныстырылуда, деп «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Желтоксан , 10:41

Ұлттық компаниядан атап өткендей, конференция шеңберінде «Online EXPO-2017» жобасы таныстырылатын болады, ол үкіметтік емес ұйымдардың бастамасы.

Бұдан басқа, конференция аясында «жасыл» технологияны өндіріске енгізіп отырған шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Сонымен қатар, «Қазақстанның жасыл кәсіпорындары: ЭКСПО-2017 үлес қосу» көрмесі өтті, оған өндірісіне инновациялық технологияны енгізіп жатқан 20-ға жуық кәсіпорындар мен жеке новаторлар қатысты. 




Яндекс.Метрика