ҚР ИИДМБ

ҮИИД МБ бірінші бесжылдығында барлық шетелдік инвестициялардың 70%-ын қазақстандық экономиканың қайта өңдеу секторы алды

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға есептелген үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығының қортындысы бойынша барлық шетелдік инвестициялардың 70%-ын қазақстандық экономиканың қайта өңдеу секторы алды.
Астана қаласы29 Желтоксан , 11:03

«Бірінші бесжылдықта барлық шетелдік инвестициялардың 70%-ын қайта өңдеу секторы алды.  Барлығы 770-тен астам жаңа кәсіпорын іске қосылды. Жұмысшылары жоғары білікті, еңбекақысы лайықты, мүлде жаңа деңгейдегі 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 60 пайызға жуық өсті. Әрбір еңбеккер жылына орта есеппен 20 мың долларға артық өнім өндіретін болды.

«Тау-кен өндіру саласының ІЖӨ-дегі үлесі 16,5 пайызға азайды. 5 жылда бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлде жаңа 400 өнім түрі игерілді. Өңдеуші сектор Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияның 70 пайызын дерлік бірінші бесжылдықта алды», - деп толықтырды Н.Назарбаев.




Яндекс.Метрика