ҚР ИИДМБ

ҮИИД МБ қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы 70 жобаға 1 млрд еуродан астам инвестиция құйылды

2014 жылдың басты оқиғаларының бірі - ҮИИД МБ бірінші бесжылдығының аяқталуы. 2010-2014 жылдарға арналған бірінші бесжылдық қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы 70 жобаға 1 млрд еуродан астам инвестиция салынды.
Нұр-Сұлтан29 Желтоксан , 10:32

«Бірінші бесжылдық қорытындысы бойынша машина құрастыру саласы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Саладағы 70 жобаға бірінші бесжылдықта 1 млрд еуродан астам инвестиция салынды. Бұл өз кезегінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртып, жаңаларын салуға мүмкіндік берді», - деп мәлімдеді ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, Астанада өткен II Қазақстанның машина құрастырушылар форумында Қазақстандағы машина құрастыру саласының түрлі кәсіпорындарын дамыту аспектілері талқыланды. Бұл 100 мыңнан астам жоғары білікті инженер жұмысшылар еңбек ететін 300-ден астам кәсіпорын.

А.Рау ҮИИД МБ-2 бағдарламасының жоспарымен және оның негізгі индикаторларымен бөлісті.

«Екінші бесжылдыққа арналған бірқатар міндеттемелер бар. Біріншісі – бірінші бесжылдықта негізі қаланған үш жобаны аяқтау. Атап айтар болсақ, Өскеменде Автоваз, Рено, Ниссанмен бірлескен толық циклді зауыт.  Екіншісі – салынған зауыттардың жоспарлы қуаттылыққа жеткізілуі. Соның ішінде бастысы машина құрастыру саласында. Экономиканың өсімі әрқашан жоғары салалармен сипат алады, олар ШОБ-қа жан-жақты әсер ету керек. Үшіншіден, экспорт көлемін арттыру. ҚТЖ жаңғырту аясында тапсырыс көлемін азайтқандықтар Локомотив құрастыру зауыты өндіріс көлемін азайтады. Экспорт бар, бірақ анау айтқандай көп емес. Сол себепті қазіргі таңда Үкімет өңдеуші саланың жекелеген бағыттарын дайындап жатыр. Дамыған елдерде экспорттаушыларды қаржылық қолдау қолға алынатын болса, бұл бізге де қажетті бастама», - дейді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика