ҚР ИИДМБ

Қазақстанда ҮИИД МБ бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласының 20-ға жуық өндіріс ошағы бой көтерді

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға есептелген үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласының 19 өндіріс ошағы бой көтерді.
Нұр-Сұлтан29 Желтоксан , 09:47

«Жалпы, саланы дамыту  үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі, 2010-2014 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту және Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын іске қосу.  2010-2013 жылдар аралығында 14 жаңа өндіріс ошағы іске қосылды,  2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды (2010 жылы - 3 жоба, 2011 жылы - 1 жоба, 2012 жылы - 6 жоба, 2013 жылы - 4 жоба). 2014 жылы 5 жоба іске қосылды», - деп хабарлады ҚР ИДМ индустриялды даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасы Аманияз Ержанов.

Оның айтуынша, Индустриялдыру картасы аясында өндірілген өнім көлемі 2010-2013 жылдар аралығында 315-тен 2512,7 млн теңгеге дейін көтерілді, 2014 жылдың І жарты жылдығында 3,5 млрд теңгеден асты.

Бұдан басқа, А.Ержанов хабарлағандай, Индустрияландыру картасының жобалары бұрын соңды Қазақстанда өндірілмеген өнім өндірісін игерді. «Олар - синтетикалық кілемдер мен кілем өндірісі («Бал текстиль»ЖШС), құрылыс қолғаптарының өндірісі («Территория комфорта»ЖШС), тігін машинасын құрастыру («Ютария LTD»өндірістік инновациялық компания»ЖШС)», - деп атап өтті Ержанов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика