Адами капитал

Қазақстандық әскери қызметшілер қызмет рейтингін арттыруда

2014 оқу жылы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімдері мен құрамаларында «Қуатты Батыс – қуатты Құрлық әскерлері» деген ұранмен өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан29 Желтоксан , 09:16

«Қызмет барысының жалпы рейтингі бойынша жауынгерлік сайыста айтарлықтай нәтиже көрсеткен әскери бөлімдер айқындалды. Олардың қатарында подполковник Е. Толықбаев басқаратын 25744, подполковник Д. Қашқымбаев басқаратын 30238 және майор У. Нұрғазиев басқаратын 41433 әскери бөлімдері бар», - делінген хабарламада.

Жеке құрамның тактикалық оқу-жаттығуларға, оқу-әдістемелік жиындарына қатысуы жауынгерлік әзірлікті арттыру, әскери тәртіпті нығайту, кәсіби деңгейді көтеру жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ете алды.

Сонымен қатар, 2014 оқу жылында қызметтік міндеттері, үлгілі әскери тәртібі мен жоғары нәтижелері үшін бірқатар әскери қызметшілер «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрығымен көтермеленді.

«Жеке құрам жауынгерлік даярлық қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетті. Бұл Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың  қамқорлығы мен жоғары сеніміне көрсетілген лайықты жауап болып табылады», - деді өңірлік әскерлерінің қолбасшысы полковник Мұрат Нұғыманов.




Яндекс.Метрика