Өңірлер

«Өзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық мұнай құбырын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық мұнай құбырын және Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау магистральдық құбырының (Қаражанбас – Ақтау учаскесі) екінші кезегінің қайта өңдеу жұмыстарының аяқталуы жөнінде хабарлап отыр.
Казахстан28 Желтоксан , 15:32

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау мен Өзен-Жетібай-Ақтау ММҚ қайта өңдеу жобасы бозащы мұнайдың ағымын Өзен МБАС-қа қарай аудару үшін (Ақтау қаласындағы Битум зауытына бағытталатын көлемді санамағанда) және Каспий теңізінің қазақстандық тараптағы келешекті кен орындарын пайдаланумен байланыста жүзеге асырылып отыр. таржүщеге асырылып. «ҚазТрансОйл» АҚ 2014-2017 жылдары аралығында Бозащы мұнайының Ақтаудан Атырауға үздіксіз да сенімді тасымалын қаматамасыз ету үшін Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау және Өзен-Жетібай-Ақтау магистральдық мұнай құбырларының жеке учаскелерін қайта өңдеу жұмыстарын үш кезеңмен жүзеге асырып отыр.

Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау магистральдық мұнай құбырын өңдеудің бірінші кезегі шеңберінде Қаражанбас-Ақтау учаскедегі ұзындығы 14 км. тұрба кесіндісі ауыстырылған болатын. Сонымен қатар Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбырының ұзындығы 25 км. Тұрба кесіндісі ауыстырылып, Жетібай-Ақтау учаскедегі ұзындығы 78,6 км. Тұрба бөлігі қайта өңделген болатын. Нысанды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актісіне 2014 жылдың 27 тамызында қол қойылған болатын.

Екінші кезең шеңберінде Қаражанбас-Ақтау учаскедегі ұзындығы 58,85 км. Тұрба кесіндісі, ал Өзен-Жетібай учаскедегі тұрбаның 60, 4 км-ге созылатын таңдалған кесінді ауыстырылған болатын. Нысанды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актісіне 2014 жылдың 26 желтоқсанында қол қойылған болатын.

«ҚазТрансОйл» АҚ Өзен-Жетібай-Ақтау магистральдық мұнай құбырын қайта өңдеу жумыстарын толығымен аяқтады. Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау құбырының қайта өңдеу жұмыстарын аяқтауды 2015 жылдың ортасына қарай жоспарлап отыр.

Жобаның 1 кезеңі 13,3 млрд., ал екінші кезеңі 18,9 млрд. теңгеге бағаланып отыр.




Яндекс.Метрика