ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола облысында мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды

Ақмола облысы Целиноград ауданында Ақмола облысы бойынша теңдесі жоқ мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылды, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола27 Желтоксан , 15:31

«Қазіргі таңда Целиноград ауданында қазақ тілін оқу үшін барлық қажетті жағдай жасалынған. Оқу-әдістемелік қосымшалар жеткілікті, жоғары білікті мамандар да жоқ емес. Қазақ тілі грамматикасын оқу бойынша көптеген оқулықтар мен әдістемелік құралдар бар. Кабинеттер барлық заманауи қажетті құрылғылармен жарақтандырылған. Сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге арналған лингофон кабинеттері бар», - делінген хабарламада.

Өздеріңізге де белгілі, тіл әрбір ұлттың басты тірегі іспетті. Тілдің дамуымен оның қоғамдық маңызы артып, ұлттық мәдениеттің артуына тікелей әсер етпек. Ұлт өзінің тілі мен тарихын сақтап қалған кезде ғана нағыз ұлт ретінде дамиды. Тілсіз ұлттың болуы мүмкін емес. Үкімет пен Елбасының өзі тікелей осы орайда қазақ тіліне үлкен қамқорлық көрсетіп жатыр. Мемлекеттік тілді дамыту үшін бюджеттен молынан қаражат тұрақты бөлінуде. 




Яндекс.Метрика