Өңірлер

Павлодар облысында еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңы тұрғызылуда

Павлодар облысында 10 бас малға арналған бордақылау алаңы тұрғызылуда, деп хабарлайды "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі.
Павлодар28 Желтоксан , 14:31

«Абай» ЖШС-нің бір уақытта 3000 бас мал ұстауға арналған мал бордақылау алаңы 2014 жылы тұрғызылды. Алайда, шаруашылық экономикалық есебін жасап, одан әрі дамуға бел байлады. Ол үшін қосымша қаржы қаражаттары қажет болды, сол себепті «Абай» ЖШС «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдауын пайдаланып қалмақшы болып шешім қабылдады. Қаржы ұйымында жобаны мақұлдады. Жобаның құны – 4,5 млрд. теңгеден артық,  оның ішіндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаражаты 3 млрд. 626 млн. теңге. Қаражат жылдық 6%-бен  9,5 жылға ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген. Бұл қаражат екі кезеңмен бөлінетін болады», - делінген хабарламада.

Бірінші кезең – 4000 бас малға арналған қосымша бордақылау қуаттарын тұрғызу. Сөйтіп, бірінші кезең іске асырылғаннан кейін, Павлодар облысындағы мал бордақылау алаңында 7000 бас мал ұсталатын болады. Екінші кезең – қуатын тағы да 3000 басқа ұлғайту, бұл шаруашылықтың жобалық қуатқа (10 000 бас) шығуына мүмкіндік беретін болады.

Бордақылау алаңы әзірше облыстағы ең ірі мамандандырылған сойыс цехымен жұмыс істейді. Әзірше жаңа бордақылау алаңдарының құрылысы жүріп жатыр – өз цехын тұрғызуға мүмкіндігі жоқ. Дегенмен бұл мақсатты да мұнда алдарына қойған.




Яндекс.Метрика