EXPO-2017

Өзбекстан Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайын

ЭКСПО-2017 комиссары – ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбав Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚР СІМ.
Әлемде27 Желтоксан , 15:03

«Сапар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша бірлескен үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысы аясында өтті. Үкіметаралық комиссия жұмысына Комиссияның тең төрағалары, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен, ӨР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.Әзімов бастаған екі елдің делегаттары қатысты», - делінген хабарламада.

Комиссия отырысында Р.Жошыбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық туралы айтты. Комиссар «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігіне тоқталып, көрмеге қатысу шарттары туралы баяндады.

Өзбек Үкімет басшысының бірінші орынбасары Р.Әзімов ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мүмкіндігіне жоғары баға беріп, Өзбекстан аталған шараны ұйымдастыруға қолдау білдіретінін мәлімдеді. Сонымен қатар Р.Әзімов өзбек елінің көрмені ұйымдастыруға қатысуға дайын екенін айтты.

Комиссар өз кезегінде сыртқы істер министрлігі басшылығымен, сыртқы экономикалық байланыс өкілдерімен және «Өзбектуризм» ҰК басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Аталған кездесуде тараптар екіжақты байланыстың қазіргі күйі мен алдағы уақыттағы болашағы туралы пікір алмасып, соның ішінде сауда-экономикалық, туристік салалардағы қатынастарға тоқталды.

Р.Жошыбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовты көрмеге келуге арнайы шақырып, бұл елге ең үздік деген павильондардың бірін беретінін мәлімдеді. 




Яндекс.Метрика