Адами капитал

Алматы облысы ҰОС ардагерлеріне ҚР Президенті атынан сыйлықтар берілді (ФОТО)

Бүгін Алматы облысы әкімі Амандық Батталов Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Іле ауданындағы ардагерлерге арнайы барып қайтты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Алматы 27 Желтоксан, 13:04

Облыс әкімі соғыс ардагері Көшерхан Әлімбаевқа сәлем бере барды. Ардагер Германия мен Жапония фронттарында шайқасқан сарбаз. Жалпы саны 27 медальмен марапатталған. Соның ішінде Отан соғысы Орденінің 2-ші дәрежесі, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және «Жапонияны жеңгені үшін» медалі бар.

Сонымен қатар өңір басшысы соғыс ардагері, еңбек ардагері Иван Тяжкоробқа барды. Соғыс қатысушысы бірқатар мерейтой наградаларына ие.  

Кездесу барысында А.Баталов ардагерлерге құттықтау хат пен Президент атынан Жаңа жылдық сыйлық табыстады. 





Яндекс.Метрика