Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жетілдіру

Алматыда «IPO-дағы аурухана» консалтингтік зерттеудің таныстырылуы өтті

Алматыдағы денсаулық сақтау мекемелеріне шетелдік тәжірбиеге сүйене отырып Халықтық IPO-ға қатысуға ұсыныс жасалынды.
Алматы қаласы30 Қыркүйек , 15:19

Бүгін «Ұлағат Бизнес Групп» консалтингтік компаниясы өкілдері мен «Ұлағатты медицина» медициналық іскер журналы өкілдері отандық денсаулық сақтау  мекемелерінің дамуы жайындағы зерттеулерінің қорытындысымен таныстырды.

Зерттеулер қорытындысына сәйкес, соңғы бірнеше жыл көлемінде әлемде медициналық компанияларға тартылған қор биржасындағы акциялар көлемі өсуі байқалады. Мысалға,2013 жылдың алғашқы жарты жылдығында осы үрдіс байқалған.АҚШ-та медицина компанияларына салынған қаржы көлемі 4,6 млрд долларға жеткен, бұл жалпы көрсеткіштің 22% -ына тең.

«Көрші Ресейде де мұндай тәжірбие өз нәтижесін беріп жатыр. 2012 жылдың  қазан айында «Ана мен бала» медициналық клиника желісі MD Medical Group (MDMG) кипрлік  компаниясы арқылы өзінің акцияларын Лондон қор биржасына салған. Компанияның капитализациясы 900 млн долларға жетті. Компания иесі  шамамен 15% акциясын саудалаған. «Ана мен бала» желісінің тиімділігі 2012 жылғы көрсеткіш бойынша (EBITDA - 42% құраған). Бұл «Газпром»ЖШС (33%) көрсеткішінен анағұрлым жоғары», - деді «Ұлағатты Медицина» журналының  редакторы, э.ғ.к. Марат Қайрленов.

Оның айтуынша,осындай нәтижеге отандық медицина да жетуге қабілетті.

Сонымен қатар, ресейлік медицинаға шет елдік инвесторлардың көптеп  қызығушылық танытуын да айта кету керек. Ресей статистикасына сүйенсек, 2011 жылы оның көлемі 42 млн долларды құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 177 млн долларға  жеткен. Алдын ала жоспар бойынша, ағымдағы жыл өткендегіден де жоғары болмақ.

 




Яндекс.Метрика