Адами капитал

Қазақстандық әскерилер Батыс Сахарада бейбітшілікті сақтау міндеттемелерін сәтті жүзеге асыруда – Қорғаныс министрлігі

Қазақстандық бітімгершілердің бейбітшілікті қолдауға қосқан үлесіне БҰҰ миссиясы жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 28 Желтоксан, 11:33

БҰҰ миссиясы Батыс Сахарадағы әскери контингентінің қолбасшысы генерал-майор Имам Эди Мулионо 2014 жылғы бітімгершілік қызметті қорытындылаған кеңесте қазақстандық «көгілдір береттердің» Батыс Сахарадағы бейбіт өмірді қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

БҰҰ миссиясы әскери контингентінің қолбасшысы өз сөзінде: «Қазақстандық әскери қызметшілер әскери тәртіп пен машықтанған дағдыларының арқасында Батыс Сахарадағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі міндеттерді сәтті жүзеге асыруда», – деді.

БҰҰ миссиясы бойынша әскери бақылаушылар ретінде осы елге «Қазбат» қазақстандық бітімгершілер батальонының офицерлері Бақтияр Ақбалаев пен Темірлан Мүсәпіров аттанған болатын.

Олардың негізгі міндеттері патруль жасау, мониторинг және ахуалды баяндау болып табылады. ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан армиясының бітімгершілік әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстарды мақсатты түрде жүргізіп келеді. Осы бағытта әлемнің көптеген мемлекеттерімен толыққанды өзара іс-қимыл жүргізілуде.    





Яндекс.Метрика