Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Сенатта АӨК субъектілеріне салық салу мәселесі талқыланды

ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитеті жаңа салық заңнамасы шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салық салу мәселесі бойынша кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды жоғарғы палата.
Астана қаласы27 Желтоксан , 12:09

Отырысты ашқан Комитет төрағасы Сергей Плотников шара қатысушыларына «Салық салу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сай аграрлық салада кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудың да өзгеретіне айтты.

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге заңды тұлғалар тарапынан жер салығыеың 70 пайызы алынып тастайтыны айтылған. Осы орайда жер салығының төлемі 5 есе артпақ. Шаруа қожалықтары үшін біріңғай жер салығы төлемін арттыру қарастырылып, әлеуметтік салық тәртібі таратылатын өңірлер бойынша шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың жер учаскісі көлемінің шегі бекітіледі», - деді С.Плотников.

Шараға сенаторлар, ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев, Құрылыс, ТКШ мен жер ресурстарын басқару істері комитеті төрағасы Қазбек Шиқанаев қатысты.

Кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша, сөз алғандардың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы салық заңнамасын жетілдіруге арналған тиісті мемлекеттік органдарға бағытталатын ұсыныстар жобасы дайындалды. 




Яндекс.Метрика