Білім беру

Әрбір стипендиатқа салынған инвестиция сапалы білім ретінде қайтарылуы керек – Әбдіқалықова

Әрбір стипендиатқа салынған инвестиция сапалы білім, ел экономикасын әрі қарай дамытуға қабілетті білім мен біліктілік ретінде қайтарылуы керек. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова шет елде маман дайындау бойынша Республикалық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы26 Желтоксан , 18:36

«Оқитын мамандардың саны емес, сапасы маңызды. Жаңаша ойлайтын, инноваторлық қабілеттері бар жастар қажет. Әлемнің ең үздік деген білім ошақтарынан білім алып, жаңа технологиялар саласында ең үздік тәжірибелер меңгеріп, елдің гүлденуі мен дамуына үлес қосатын жас мамандарға қажеттілік жоғары», - деді Мемхатшы.

Оның айтуынша, әрбір өңірдің экономикалық татртымдылығы мен бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып әрқайсысының қажеттілігін қарауымыз керек.

«Әлемнің үздік оқу орындарында сапалы маман дайындау мен олардың қайтып келгеннен кейінгі Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудағы еңбектері тұрақты экономикалық өсімнің басты факторларының бірі», - деді. 




Яндекс.Метрика