Білім беру

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін білікті мамандар дайындау керек – Мемхатшы

Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шет елде маман дайындау бойынша Республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Желтоксан , 18:10

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына енуді мақсат еткен Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты аясында жоғары білікті мамандар дайындау үлкен басымдылыққа ие болған.

Кең көлемді елдің инфрақұрылымдық дамуы, жаңа өндіріс орындарының ашылуы, ел ішіндегі өңірлер арасындағы көлік байланысының барлық түрі арқылы кәсіпкерлік қауымдастықтарлы жандандыру арнайы қабілеттерге ие үздік кәсіби, жоғары деңгейдегі менеджерлерге ерекше сұраныс туындатады.  

Мемлекеттік хатшының мәліметінше, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының көлік-инфрақұрылымдық құрылымды дамытудан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға дейнгі басты 7 бағытын іске асыру кезінде жоғары білікті мамандардың іскерлік белсенділігі қажет.

Мемлекеттік хатшы 2015 жылдағы Республикалық комиссияның басты жұмыс бағыттарын белгілеп, жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруда ауқымды міндеттемелер жүктеді. Онда Жолдауды жан-жақты іске асыруда «Болашақ» түлектерінің барынша молынан тартылуын тапсырды.

Отырыста 2014 жылғы «Болашақ» халықаралық стипениясы бойынша шараларды іске асыру мәселелері талқыланып, шет елде жоғары білікті маман дайындау бойынша жаңа бастамалар мен азаматтардың мәлімдемелері қаралды.  

Сонымен қатар Комиссия отырысында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар ұсынысы негізінде 2015 жылға арналған басым мамандықтар тізімі бекітілді.

Сөз соңында Мемхатшы комиссия жұмысының алдағы уақытта қарқын алуы үшін нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Республика комиссия шешімімен 224 стипендия тағайындалды. 




Яндекс.Метрика