Ұлтаралық бірлік

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен мерейтой даталары аталып өтіледі

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен мерейтой даталары аталып өтіледі, деп мәлімдеді Президент Әкімшілігіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы 26 Желтоксан, 16:23

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыұлттық орган ретінде жалпыхалықтық өкілдікке ие. Оның мерейтой жылындағы қолға алынатын мерейтой шараларының бейбітшілік мен келісім тақырыбында өрбитіні анық», - дейді Л.Прокопенко.

Оның айутынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған шараларда өңірлердің де ерекше назарға алынатыны белгілі.  

«Барлық шара Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылады. 9 мамыр мен Наурыз мерекесін де осы тұрғыда тойлайтын боламыз. Дегенмен Қазақстан халқы Ассамблеясы басты назарда», - деді.

Сонымен қатар ұлттық шаралар жоспарына енгізілген 46 жалпыреспубликалық шара бар. Одан бөлек этномәдени бірлестіктер 150 шараны жоспарлап отыр. Ғылыми-сараптамалық кеңес аясында ел өңірлері бойынша 187 шара ұйымдастырылады.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика