Парламент

Қазақстан халықаралық істерде жауапты рөл ойнауға тырысады – Әйтімова

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хатшысы Бірғаныш Әйтімова Израильге барып, бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Сенат.
Әлемде26 Желтоксан , 17:09

Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы елшісі, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хатшысы Бірғаныш Әйтімова 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелігіне қазақстандық өтінішті жеткізу аясында Израильге барып, бұрынғы елдің президенті Шимон Переспен, ел президенті Реувен Ривлинмен және СІМ басшысы Авигдор Либерманмен кездесу өткізді.

Б.Әйтімова Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелігіне деген талпынысы туралы мәлімдеді.

«Қазақстан халықаралық істерде жауапты рөл ойнауға тырысады. Осы орайда Қазақстаның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелігіне елдің кандидатурасы ұсынылып отыр. Осы орынға тарихта алғаш рет Орта Азия мемлекеті талпынуда. Менің ерекше атай өткім келетін нәрсем, аталмыш орынға сайланған жағдайда біздің ел халықаралық бейбітшілік бастамаларын әлем елдеріне насихат ететін болады», - деді Әйтімова.  

Сонымен қатар онда Қазақстанның Орта Азия өңірінің тұрақтылығын сақтау мен өңірлік қауіпсіздік жүйесін нығайтудағы өзінің ойлағаны бар екені айтылды.

Бұдан бөлек аталмыш жылдар аралығында Қазақстанның БҰҰ ҚК үміткерлігіне өтуізуге себеп болатын шаралардың бірі ретінде ядролық қарусыздану, лаңкестікке қарсы күрес мен Ауғанстандағы жағдайларды тиімді реттеуге ат салысуы және ҚР-ның Орта Азия елдеріндегі заң үстемдігі мен ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтудағы бастамалары айтылды.

Кездесу барысында халықаралық мәселелер бойынша қазақстан-израиль диалогының үлкен әлеуеті тілге тиек етіліп, күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер ортаға салынды. 




Яндекс.Метрика