Адами капитал

2015 жылдың ортасында ҚР Конституциясына түсініктеме жарыққа шығады

2015 жылдың ортасында Қазақстан Республикасы Конституциясына қос тілде түсініктеме жарыққа шығады, деп мәлімдеді ҚР Конституциялық кеңес мүшесі Аманжол Нұрмағамьетов ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы26 Желтоксан , 15:44

«Еліміздің барлық салада жеткен жетістіктері бірінші кезекте Ата заңның қалыптастырғаны. ҚР Конституциясының мерейтойы – әрбірімізге қатысты жалпыхалықтық мереке. Конституция күнін тойлау шараларына дайындыққа барлық мемлекеттік органдар ат салысады. Конституциялық кеңес конституциялық бақылау органы ретінде қызу дайындық үстінде», - дейді.

Оның айтуынша, Конституциялық кеңес қызметі зияткерлік салада да өзін көрсетуде.

«Қазақстандық тренд кітабын басу жоспарда бар: тоталитаризмнен демократияға және құқықтық мемлекетке сырттай көзқарас ретінде жазылмақ. Онда шетелдік авторлардың да көзқарастары кеңінен қамтылады деп күтілуде. Сонымен қатар арнайы монографиялық зерттеу жазу да жоспарланған. Ол Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің шешімі сараптамасы бойынша дайындалмақ», - деді.

Сонымен қатар Қазақстан Республкиасы Конститциясына түсініктеме жарыққа шығады. Оған республиканың заң саласы ғалымдары көптеп тартылды. Осылайша 2015 жылдың ортасында ҚР Конституциясына қосымша пікір шығарылмақ.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика