Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақмола облысында 351 адам «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының қатысушысы атанды

Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жыл қорытындысына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола27 Желтоксан , 11:03

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда жемісті ынтымақтастығы үшін жеке кәсіпкерлер мен қаланың ұйымдарына алғыс хаттар берілді.

Қазіргі таңда Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталықтары тарапынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының үш бағыты бойынша да 100 пайыз жұмыс атқарылған. Бағдарламаға жалпы саны 351 адам қатысты.

«Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту» бағыты аясында 7 жоба іске асырылды. Оған өзін өзі жұмыспен қамтушылар арасынан 18 адам қатысты.

Екінші бағыт «Кәсіпкерлік пен тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыспен қамту» бойынша 10 адам «Кәсіпкерлік негіздерін» оқып шықты.

Республикалық бюджеттен шағын несиелендіруге 2014 жылы 25 млн теңге бөлінген.

Үшінші бағыт «Жұмыс беруші қажеттігі аясында оқыту мен қоныстандыру арқылы жұмыспен қаму» бойынша 82 адам кәсіптік оқуға бағытталып, 116 адам жастар тағылымдамасына араласты. 




Яндекс.Метрика