Ұлттың денсаулығы

2014 жылы Қазақстанның медициналық ұйымдарына 93 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі әкелінді

Медицина бұйымдары мен дәрі-дәрмек сатып алу бойынша біріңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС биылғы жылғы медицина бұйымдары мен дәрі-дәрмектерді жеткізу шараларын аяқтап, 2015 жылға арналған медицина бұйымдары мен дәрі-дәрмек сатып алуды өткізді, деп хабарлайды СК-Фармация.
Астана қаласы27 Желтоксан , 10:31

«2014 жылы Біріңғай дистрибьютер Қазақстанның 1030 медициналық ұйымдарына 93 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі мен медициналық бұйымдарын жеткізді. Осы орайда бюджет қаражатын үнемдеу көлемі 3,7 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Біріңғай дистрибьютердің басты мақсаты тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында Қазақстанның медициналық ұйымдарына дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды дер кезінде үздіксіз жеткізу болып табылады. Осынау мақсатты орындау үшін 31 желтоқсанға дейін медицина ұйымдарына Біріңғай дистрибьютер қоймасынан алынған заттардың барлығы таратылып берілуі тиіс. Бұл қаражат аурухана бюджетінде қалып, олардың медициналық ұйымдары тағы да қосымша дәрі-дәрмек сатып ала алады.

2015 жылға Біріңғай дистрибьютер тегін медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың өтінішіне Біріңғай дистрибьютер тізімі бойынша 1000 түрлі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу жұмыстарын жүргізді.




Яндекс.Метрика