Адами капитал

ШҚО ІІД қаһармандардың 20 баласын жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жылдық мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы ІІД басшысы Жанарбек Бақтыбаев қызметтік борышын өтеу кезінде қайтыс болған полицейлердің отбасы және балаларымен кездесті.
Шығыс Қазақстан27 Желтоксан , 10:02

«Қызметтік борышын өтеу кезінде қайтыс болған қызметкерлерді құрметпен еске аламыз. Олар халық алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып, келер ұрпаққа өшпес ерлік дастандарын қалдырып, мәңгі үлгі бола білді», - дейді Ж. Бақтыбаев.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің атынан Жаңа жылмен құттықтай келіп облыстық полиция басшысы 20 балаға сыйлық табыстады.

Сонымен қатар қызметтік борышын өтеу барысында жан тапсырған тәртіп сақшылары балалары облыстың ішкі істер органдары қызметкерлерінің балаларына арнап ұйымдастырылған Жаңа жылдық шыршаға қатысты.

Айта кету керек, қызметтік борышын өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына материалдық көмек көрсетілді. Осындай отбасылардың ондаған баласы жазда ШҚО ІІД атынан тегін жолдама алып жазғы сауықтыру лагерьлеріне барып дем алып қайтты. 




Яндекс.Метрика