Халықаралық интеграция

Қазақстанға жақында сайланған Түркия Президенті Тайып Эрдоған келеді – СІМ

Жақын арада Түркия Президенті Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары күтілуде. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингіде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.
Астана қаласы26 Желтоксан , 14:24

«Біз Түркия елінің Президенті елімізге келеді деп күтіп отырмыз. Ол жаңадан сайланғанын жақсы білесіздер. Түркиямен қарым-қатынасымыз ұзақ мерзімді сипатқа ие. Елдеріміз арасында өзара байланысты жоғары деңгейдегі институттарымыз бар. Жақын арады Қазақстан өзінде біздің досымыз, Президент Ердоғанды қабылдайды деп күтудеміз», - деп ағынан жарылды министр.

Сонымен қатар, ведомсвто басшысы  Анкараға іс-сапармен баратынын тілге тиек етті.  

«Түркия саяси және экономикалық бағыттағы біздің жаһандық, аймақтық маңызды әріптесіміз. Түркия – Тәуелсіздік таңымыз жаңа атқанда бізге қолдау көрсеткен бірден-бір мемлекет екенін жақсы білесіздер. Біздің Түркиямен бауырлас ел екеніміз, мәдениетіміз бен тарихи бауырластығымыз ерекше рөл ойнайды. Ал, менің Анкараға сапарым осы ынтымақтастықты одан сайын нығайтуға бағытталады. Осы жылғы Түркиядағы Президенттік сайлауға байланысты елдер арасында жоғары деңгейлі сапар болған жоқ. Түркия Президенті елімізге келетінін мәлім еттім, сондықтан, менің сапарым осы жолғы шараларды пысықтауға арналады», - деп түйді Е.Ыдырысов.




Яндекс.Метрика