Парламент

Қ. Тоқаев 2014 жылғы Қазақстан Парламентінің жұмысын қорытындылады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 2014 жылды қорытындылады.
Астана қаласы26 Желтоксан , 14:16

«Кеше Елбасы Н.Назарбаев Индустрияландыру күні аясындағы жиын барысында «жаңа өнімді жұмыс орындарын көбірек аша алған мемлекет қана жеңіске жетеді», деп кедергілер мен қиындықтарға толы уақытта табанды еңбек етудің маңызына айрықша назар аударды. Еліміз индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығын ойдағыдай жүзеге асырып, дамудың нұрлы жолына аяқ басты. Түптеп келгенде, ел игілігі үшін тер төгіп, аянбай еңбек ететін қоғам мемлекетті табысты даму жолына шығаратын бірден бір маңызды фактор екені даусыз», - деді  спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, Палата Төрағасы  атап өткендей, палата ағымдағы жылы 100-ден астам заң қабылдады.

«2015 жыл - еліміздің қоғамдық-саяси және рухани өмірі үшін де ерекше болмақ. Ал, біздің міндетіміз барлық жобалардың жүзеге асырылуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету», - деді ол.

«Барша қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ата заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын қарсы алуға дайындалуда. Төл тарихымыздың ұлы құндылықтарын қастерлеу ұлттық мүддеміз бен қазақстандық отансүйгіштікті нығайтудың түпқазығы болатыны анық», - деп түйді Қ.Тоқаев. 




Яндекс.Метрика