Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«Жасыл өткел» - Орталық Азия аймақтарының қозғалтқышы

«Жасыл өткел» серіктестік бағдарламасы Орталық Азия аймақтарының қозғалтқышы. Дәл осындай пікірді «Жасыл өткел» мен «Астана ЭКСПО -2017» көрмесіне арналған халықаралық конференцияда Германияның экс-канцлері Йошка Фишер айтты.
Әлемде30 Қыркүйек , 14:10

«Қазақстан қабылдаған инициатива Орталық Азия аймақтарының дамуына әкелді. Орталық  Азия Еуропа мен Азияны біріктіріп тұрған маңызды өткел. Біз Қазақстан мен Еуропа арасындағы ынтымақтастықты байқап отырмыз», - деді Й. Фишер.

Ол атап өткендей, ұйымдардың басты кедергісі климаттың өзгеруі мен ресурстардың азаюы.

«Біз кез келген өзгеріске дайын болып, алдын алу шараларын қарастыруымыз керек», - деді ол.

«Біз болашақта жоғары технологиялар арқылы өндірілетін энергияның үнемдеуіне шығуымыз керек», - деді Й. Фишер.

 

 

 




Яндекс.Метрика