Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов: Қазақстан көмек алушы елден донор елге айналды

Қазақстан көмек алушы елден донор елге айналды, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 13:50

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстан болашағы үшін айтарлықтай маңызға ие заң қабылданды. Бұл ішкі өсім мен елдің жаһандық және аймақтық мәртебесін арттырады.

«Сонымен қатар елдің қалыптасқанының тағы бір дәлелі ретінде «Дамуға ресми көмек туралы» ҚР Заңын айта аламыз. KAZAID туралы заңға сай американдық USAID ұйымының баламасы бойынша дамуға ресми көмектің қазақстандық тетігі құрылады. Заң шет елдік әріптестерге біздің беретін көмекті жүйелендіруге бағытталған. Осылайша Қазақстан  алушы елден донор елге айналды», - деді министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан қазіргі таңда үлкен деңгейге жетіп, жаңаша көрініп жатыр. ҚР-ның жаһандық және өңірлік істердегі жауапкершілігі мен халықаралық маңызы арта түсті.

«Сол себепті KAZAID Қазақстанның сапалы өсімі мен Қазақстанның жалпы әлемде дұрыс қабылдануы тұрғысынан үлкен шара болып табылады. Әріптестеріміз де елді мойындап, шет елдік әріптестеріміз бізге қарап бой түзеуде», - деді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика