Халықаралық интеграция

ҚР СІМ қазақстандық БАҚ өкілдері арасында Қазақстанның сыртқы саясаты туралы үздік материалға байқау жариялайды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстанның Журналистер Одағымен бірлесіп сыртқы саясат төңірегінде қалам тартып жүрген журналистер арасында байқау жариялайды, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ өткен брифингіде.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 13:42

«Бүгін Сіздерге Сыртқы істер министрлігі Журналистер одағымен бірлесе отырып, еліміздің сыртқы саясаты туралы қалам тербеп жүрген журналистер арасында үздік материалға байқау жариялайтынын хабарлағым келеді. Отандық БАҚ өкілдері қазақ және ресми тілде жазған газеттегі мақалаларын, телеарналардағы бейнематериалдары мен ғаламтордағы материалдарын жарысқа қоса алады. Жалпы, жеңімпаздарды лайықты жүлделер күтіп тұр», - деді сөз басында  министр.

Сонымен қатар, ведомсвто басшысы биыл Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Журналистер одағымен бірлесе отырып, шетелдік журналистер арасында Отанымыз туралы ең үздік материалға байқау жариялағанын тілге тиек етті.

«Біз 30-дан астам елдің арасынан алты қатысушыны таңдап алып, жүлделерін табыс еттік. Біз бұл жарысты келесі жылы да жалғастырамыз», - деді Ыдырысов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика