Парламент

Құрық ауылында кеме үйлестіру бойынша навигациялық орталық құрылады

Қазақстан Парламенті сенаторларының бастамасымен «Халықаралық теңіз ұйымдарына аудит жүргізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 12:36

«Навигациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша навигациялық орталық құру ұсынылуда. Оның басты мақсаты – кеме қозғалысын басқару жүйесі арқылы көлік оқиғаларының алдын алу мен кеме қозғалысын үйлестіру. Аталмыш жүйе Маңғыстау облысында қазірдің өзінде бар. Баламалы жүйе Құрық ауылында құрылатын болады», - деді депутат Николай Логутов.

Заң жобасы Халықаралық теңiз ұйымының аудитiнен өту үшiн теңiзшiлердi даярлау, оларға диплом беру мен вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияның ережелерiн iке асыру, сондай-ақ теңiзде жүзу мәселелерi бойынша заңнаманы жетiлдiру, кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету және оларға навигациялық қызмет көрсету мақсатында әзiрленген.

«Заң жобасының нормаларымен Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында навигациялық орталық құру көзделедi. Бұл кемелердi навигациялық алып жүруге және олардың жүрiсiн басқаруға ықпал етпек. Бұдан басқа, теңiз көлiгi саласында мамандар даярлайтын қазақстандық оқу орындары түлектерiнiң дипломдарын халықаралық деңгейде тану мәселесi құқықтық негiзге ие болады. Бiрқатар түзетулер теңiз көлiгiн мемлекеттiк басқаруды жетiлдiруге бағытталған», - делiнген заң жобасы жөніндегі қорытындыда.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика