ҚР ИИДМБ

Ақмола облысында Индустрияландыру картасы бойынша 85 жоба жүзеге асырылуда – әкімдік

Ақмола облысында Индустрияландыру картасы бойынша 764 млрд теңгенің 85 жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола26 Желтоксан , 17:56

Олардың көмегімен 32 мың жұмыс орны ашылды. Бүгінгі таңда 46 жоба аяқталды, оның ішінде осы жылы 7-і қолданысқа берілді. Оның 60 пайызы жобалық қуаттылыққа шықты, қалғандары жүйелік кесте бойынша өндірісті жеделдетуде.

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында Ақмола облысы Көкшетаудағы «Еңкі» ЖШС кәсіпорнын таныстырды. Ол 2010 жылы ҮИИД бойынша жүзеге асқан. Зауыт ашылғалы бері 170 млн дана кірпіш шығарылды. Кәсіпорында 250 адам жұмыс істеуде. Өнім Қазақстан мен Ресей аймақтарына жеткізіледі.

 




Яндекс.Метрика