Self made. Кәсіпкерлер

Рахым Ошақбаев

Шығыс Қазақстан30 Қыркүйек , 13:55

Анықтама:

Рахым Ошақбаев 1976 жылы 30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеге келген. Ұлты-қазақ

1999 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Экономика факультетін тәмамдаған.

2001 жылы өз еңбек жолын «ҚазАгроФинанс» АҚ бастады. 2002 жылдың шілдесінде Басқару төрағасы болып тағайындалады. Бұрындары- бас есепші, атқарушы директор, несиелік-лизингтік жүйе бойынша Басқару төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2003 жылдың қазанынан бастап ДБ қаржылық корпорациясы Қазақстандағы несиелік-лизингтік жүйенің дамуы бойынша жетекші.

2004 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылға дейін-жеке меншік компанияның бас директоры, кәсіпкер.

2009 жыл мамыр-2011 – «Экономикалық саясаттың сараптау орталығы» ЖШС бас директоры.

2011 жылдың мамырынан – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ ақпараттық-сараптау қорының директоры.

2012 жылдың ақпанынан бастап «Атамекен Кеңесі» Басқару Төрағасының бірінші орынбасары.

2013 жылдың қыркүйегінен бастап – «ҚР кәсіпкерлер ұлттық палатасының» мүшесі.

2013 жылдың шілдесінен бастап – «Продкорпорация» ҰҚ АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағалық қызметіне сайланды.

Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, «Атамекен Startup» бақылаушысы, ҚР  Президенті жанындағы жастар мәселесі жөніндегі Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

 «Қазақстандықтарды кәсіпкерлікке тарту жағдайы Президент қойған «Стратегия-2050» стратегиясында айқын көрсетілген «...кез келген адам өзін бизнес саласында көруге мүмкіндік жасауы тиіс. Экономикалық өзгерістерге белсенді араласу. Маған мемлекет қашан жағдай жасайды деп күтіп отырмау. Кәсіпкерлік инициативасын көтеріп, кәсіптік мәдениетті дамыту қажет.

Ұлттық палата «Атамекен Кеңесі»  жастарды кәсіпке ден қою тұрғысында ақпараттық-насихаттық жұмысты жүргізуде», - деді Р.Ошақбаев.

 

 




Сонымен қатар:

Дерекнама

Яндекс.Метрика