«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Президенттің әр Жолдауы қазақстандықтардың нақты жетістіктерге жетуіне жол бастайды – Беркімбаев

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауы белгілі бір уақыт аралығындағы мәселелерге арналып, нақты мақсаттарға қол жеткізуге бастайды, дейді Ақтөбе облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті жетекшісі Нұрсұлу Беркімбаева Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Казахстан26 Желтоксан , 16:38

Оның айтуынша, Астанадан шығатын көлік жолдары күннің сәулесіндей елорданы облыс орталықтарымен байланыстыруы елдің тасымал және көлік салаларын жандандыратыны белгілі. «Мәңгілік ел» идеясын іске асыруды жол құрылысынан бастау – елдің шын мәнінде де қуатты мемлекетке айналып, болашаққа сенімді қадам басқанын көрсетеді.

Үкіметтің апатты, үш ауысымды мектептерді толықтай жою мен балабақша тапшылығы мәселесін шешу үшін 90 млрд теңге қосымша қаражат бөлу тапсырылды. Осы орайда бұл мәселелер 2017 жылға дейін шешімін табуы тиіс. Бұл өскелең ұрпаққа жағдай жасаудың жарқын үлгісі.

«Шағын және орта кәсіпкерліктердің дамуы да басым бағыттардың бірі. Ақмола облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өз құзіреті шеңберінде Жолдауда көрсетілген барлық міндеттемелерді іске асыруда. Біз кәсіпкерлерге қажетті деп танылған құжаттардың арнайы ғимаратқа топтастыруын бақылауға алдық. Сонымен қатар көрсетілетін мемелкеттік қызметтерді де назардан тыс қалдырмақ емеспіз. Өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерліктер субъектілерін жоспарлы тексерулер  саны 7 есеге дейін төмендеді. Айта кету керек, Президенттің ақпан қаулысына сай, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлік субъектілерін тексеру біржола тоқтамақ», - дейді департамент директоры.

Мемлекеттік басқару жүйесінде қолға алынған реформаларға сай, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жұмыстарын жүргізетін орган ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Ақтөбе облыстық тұтынушылаор құқығын қорғау департаменті болып өзгертілді. Енді қазіргі таңда департамент санитарлық-эридемиологиялық тексеру жұмыстарымен қатар тұтынушылар құқығын қорғау жұмыстарымен де айналыспақ.

«Ақмола облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті ұжымы Жолдауда айтылған барлық міндеттемелерді өз деңгейінде атқаратынын үлкен сеніммен айта аламын», - дейді. 




Яндекс.Метрика