Адами капитал

ҚазМҮББУ профессоры «Әріптестер құрметі» сыйлығына ие болды

Қазақстандық медицина профессорларының клубы 2014 жылы әріптестері арасынан ең үздігін таңдады, деп хабарлады ҚазМҮББУ.
Алматы қаласы26 Желтоксан , 19:28

2014 жылы «Әріптестер құрметі» сыйлығын ҚазМҮББУ сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Қайырлыбек Мұхамеджановқа тапсырды. Оның ғылым және педагогикалық қызметті бірге ала жүріп, дәрігер ретінде қызмет еткеніне 42 жыл болды.

Сонымен қатар, Мұхамеджанов – екі монографияның, 150 аса ғылыми мақалалар мен тезистердің, алты оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Ол ХШЖК қола медалімен, Бас және мойын ісіктері Еуропалық қоғамының медалімен, ОҚКА мерейтойлық медалімен, көптеген сыйлықтар және грамоталармен марапатталған. Сондай-ақ, ол Алматы қ. штаттан тыс бас рентгенологы болып табылады.

«Әріптестер құрметі» сыйлығы Қазақстанда 7 жыл бұрын пайда болған  Медицина профессорлары клубымен тағайындалған. Ол 28 кафедра профессорларын біріктіреді. Жыл сайын олар Жаңа жыл қарсаңында жалпы әріптестерінің құрметіне ие болған профессорды анықтау үшін  жиналады. «Әріптестер құрметі» сыйлығымен Қазақстандағы медицина ғылымы мен денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосқан профессорларды марапаттайды.

Осы сыйлық лауреаттарының арасында андролог Болат Шалекенов – м.ғ.д., профессор, ҚР МҒА корреспондент-мүшесі, ҚазМҮББУ урология және андрология кафедрасының меңгерушісі, гинеколог Надежда Мизинова, кардиохирург Юрий Пя, невролог Нұрлан Қойшыбаев, ҚазМҮББУ неврология кафедрасының меңгерушісі (2010-2013жж.)  және рентгенэндоваскулярлық хирургия бойынша маман Дмитрий Поцелуев сияқты танымал ғалымдар да бар.

 

 

 




Яндекс.Метрика