«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қарағанды облысының 3,5 мың тұрғыны «Нұрлы Жол» Жолдауымен танысты

Қарағанды облысында облыстық ақпараттық топтың бекітілген кездесу кестелеріне сай кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік мекеме ұжымдарының 3,5 мың қызметкері түсіндіру жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Қарағанды28 Желтоксан , 11:03

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылық бұйрығы негізінде 2014 жылдың 11 қарашасындағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топ құрылды.

Облыстық АТ мүшелері жалпы саны 40 кездесу ұйымдастырды. Кездесу негізінен өнеркәсіптік, өндірістік ұйым мен зейнеткерлер, жастар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері арасында өткізілді.

Шаралар Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында өтті. Сонымен қатар Долинка, Новодолинск елді мекендері халқы мен Шахтинск қаласы «Қазақтелеком» АҚ және Приозерск қаласының білім басқармасы қызметкерлері арасында да жүргізілді.




Яндекс.Метрика