Парламент

Қазақстан Парламенті ТМД аясында құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Парламенті «Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы аясында құпия ақпаратты қорғау келісімін ратификациялау» туралы ҚР заң жобасын қарауға алды.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 11:26

Салалық комитет қорытындысында айтылғандай Келісім пәні Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы аясында құпия ақпаратты қорғау келісімін артификациялау  болып есептеледі.

«Келісім 17 баптан тұрады, Келісімнің пәні де анықталған. Терминдер мен қосымшалардың мағынасы түсіндіріліп жазылған, ол жоба жүзеге асқанда қолданылатын болады. Құпия ақпаратты сақтау туралы шаралардың барлығы нақтыланып, қарастырылған. Атап айтар болсақ, Келісімде келісімге қатысушы елдердің атқарушы және құзіретті органдарына байланысты 3 келісім  қосымшасы бар. Олар құпия ақпарат саласында ынтымақтасатын болады», - делінген қорытынды материалда.

Сондай-ақ, келісім ақпараттың құпиялық дәрежесі мен оған сәйкес шараларына байланысты. Сонымен қатар, қатысушы елдердің жағдайы мен міндеті де  қарастырылған.

Аталмыш құжат ТМД елдерінің кез келгеніне қолжетімді болып есептеледі.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика