«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Жаңа экономикалық саясат – «Мәңгілік елге» төте жол – Самұратова

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты – дағдарыс кезінде одан шығу жолы, инфрақұрылымды дамыту, жаңадан жол салу, экономикалық өсудің қарқын алуы, әлеуметтік деңгейдің артуы, жалпылай айтқанда «Мәңгілік ел» идеясына бастар төте жол, деп мәлімдеді Ақтөбе облысы білім басқармасы жетекшісі Жанат Самұратова Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Ақтөбе26 Желтоксан , 19:43

Оның айтуынша, кезекті Жолдауында Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл аударды. Бұл бірінші кезекте білім саласына қатысты. «Жаңа мектептер салу, апатты және үш ауысымды мектептерлі жою – өте маңызды және жауапты жұмыс. Бұл балалардың сапалы білім алуына да мүмкіндік береді. Апатты мектептер білім сапасына кері әсерін тигізіп қана қоймай, белгілі бір деңгейде қатер де төндіреді. Осы мәселелерді шешкеннен кейін қазақстандықтардың жаңаша дамуы серпін алады.  

«Тағы бір қуанышты хабардың бірі балабақшаға қатысты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын шешу үшін үш жыл бойы қатарынан 20 млрд теңгеден бөлінеді. Атап айтар болсақ ол көптеген балабақшалар құрылысына жол ашады», - дейді.

Облыстық білім басқармасы жетекшісінің пікірінше, жаңа Жолдау өте маңызды құжат. Ол қоғам мен халыққа қызмет етпек. 




Яндекс.Метрика