Адами капитал

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге бизнестерін дамыту үшін гранттар берілді

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және Казкоммерцбанктің «Құс Жолы» қайырымдылық қоры өз істерін енді бастаған мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңінің қорытындысын шығарды, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе26 Желтоксан , 19:03

200 мың теңге көлеміндегі  грантқа 4 адам - Темір ауданы Таскөл ауылынан Сымбат Нағметова, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылынан Нұрлан Төлеу, Алға ауданы Тамды ауылынан Шәки Ұзақов және Айтеке би ауданы Талдысай ауылынан Гүлсім Тұрмағамбетова  ие болды.

Олардың ұсынған бизнес-жобаларына байланысты грант бойынша әрқайсысына құрал-жабдықтар мен қажетті шикізаттар сатып алынды.

 




Яндекс.Метрика