Парламент

Сенат Қазақстан мен Әзiрбайжан арасындағы азаматтық қорғаныс саласындағы ынтымақтастық және ТЖ туралы келiсiмдi ратификациялады

Қазақстан Парламенті Сенаты пленарлы отырыста Қазақстан Парламенті Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасы үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының үкiметi арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайдардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 11:19

Халықаралық қарым-қатынас комитетінің қорытындысына сәйкес, келiсiмнiң нысаны - Қазақстан мен Әзiрбайжан құзыреттi органдарының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайдардың алдын алу және оларды жою, төтенше жағдайлар саласындағы мамандарды апат немесе өзге зiлзала жағдайында ерiктi және өзара көмек көрсету бойынша оқыту саласындағы өзара iс-қимыл тәртiбiн айқындау.

«Келiсiм аясындағы ынтымақтастық ақпарат алмасу, тәжiрибе алмасу, бiрлесiп жоспарлау нысанында және келiсiмнiң бесiншi бабында көзделген өзге нысандарда жүзеге асуы мүмкiн», делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, келiсiмдi iске асыру кезiнде қолданылатын терминдер мен анықтамалардың мағыналары берiлген. Өзара iс-қимылдың құзыреттi органдары анықталған, сондай-ақ келiсiм тараптары ынтымақтастығының нысаны мәселесiне көңiл бөлiнген.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика