Парламент

Қазақстан Парламенті Беларусь арқылы Еуропаға кедергісіз жүк тасымалы туралы заңды қабылдады

Қазақстан Парламенті «2004 жылдың 19 қаңтарындағы халықаралық автокөлік байланысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын қабылдады.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 11:09

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің қорытындысына сай, Хаттаманың мақсаты Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы жүк тасымалыы мен олардың аумағындағы тасымалға арналған автокөліктіктердің рұқсатынсыз қатынауына мүмкіндік беру.

«Заң жобасының қабылдануы отандық кәсіпкерлердің Беларусь Республикасы аумағы арқылы Еуропаға жүк тасымалдарын кедергісіз жүргізуге жағдай жасайды», - делінген қорытындыда.  

Сонымен қатар, Хаттаманың ережелерiн қолдану Қазақстан Республикасының көлiк транзитi әлеуетiн дамытуға әсер етедi, өйткенi, қазiргi уақытта екiжақты және транзиттiк тасымалдар бiздiң елiмiз бен Беларусь Республикасы жыл сайын шектеулi мөлшерде алмасатын рұқсат бланкiлерi негiзiнде жүзеге асырылады.




Яндекс.Метрика