Өңірлер

БҚО-да 2014 жылы ІҚМ басы 457 мыңды құрады

Батыс Қазақстан облысының 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ірі қара мал басының саны 457,8 мың басты құрады, деп хабарлады БҚО статистика департаменті.
Батыс Қазақстан26 Желтоксан , 15:21

«2014 жылдың қаңтар-қарашасында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі облыс бойынша 75618,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде 31697,1 млн. теңге - өсімдік шаруашылығы өнімдері және 43708,0 млн. теңге - мал шаруашылығы өнімдері», - делінген хабарламада.

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда – 101,2 пайызды, өсімдік шаруашылығы –104 пайызды құрады.

2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ірі қара мал басының саны 457,8 мың басты (2013 жылғы деңгейге 107,6%), қой – 956,7 мың басты (118,0%), ешкі – 197,9 мың басты (106,8%), жылқы – 116,9 мың басты (117,4%), шошқа – 26,0 мың басты (96,0%), түйе – 3,0 мың басты (97,2%), құс – 969,2 мың басты (101,4%) құрады.




Яндекс.Метрика