Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстандық ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары пайда болды

Казахстан 30 Қыркүйек, 12:03

Егер азамат алғаш рет мемлекеттік қызмет алып отырған болса, қызмет көрсетудің мұндай жерінде арнайы кеңесшілер жұмыс істейді.

www.egov.kz  электронды үкімет арқылы "Connection Point" секторынан азаматтардың ең көп қолданатын қызмет түрі жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы туралы анықтама, адрестік анықтамалар мен зейнетақы салымы туралы анықтамалар. Бұдан бөлек, ХҚКО тұтынушылары балабақшаға да кезекке тұра алады, тегін өзгерту туралы қызмет түрін де қолданып, өзінің ЖК тіркей алады. Кеңесшілер салық, коммуналды шаруашылық төлемі мен өзге де төлем түрлерін, жол қозғалысындағы айыппұл төлемдерінің қалай төлеу керектігін көрсетеді.

ХҚКО координация қызметі мен мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау Комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, ХҚКО-на аталмыш қызметтерді енгізудің арқасында бұл мекемелер мемлекет тарапынан қарастырылып жатқан өзге де қызметтерді көрсетуге мүмкіндік алады».

«Бүгінде ХҚКО қызметтің 171 түрін көрсетеді. Оның 117-сін электронды түрде алуға болады. Уақыт өте келе бұл көрсеткіштерді көбейтуді жоспарлап отырмыз», - деді Б.Мусин.

Айта кету керек, статистика бойынша, 130 000 қазақстандық жылына 5 рет ХҚКО қызметін пайдаланған.

 

 





Яндекс.Метрика