ҚР ИИДМБ

Ақтауда мұнай және мұнай өнімдерін сақтау терминалы пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтың қорытындысы» жалпыхалықтық телекөпір барысында Ақтаудағы қаланың аймақтық өндірістік аумағында мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын «Аски-Маңғыстау» ЖШС терминалының жаңа нысаны пайдалануға берілді.
Маңғыстау26 Желтоксан , 15:06

Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, терминал Атырау халықаралық теңіз сауда порты жанында орналасқан. Ол 7,907 гектар жерді алып жатыр және барлық қажетті инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етілген. Қойманың бір реттік сақтау қуаттылығы 50 000 шаршы метр кубты құрайды. Сонымен қатар теңізге шығу мүмкіндігі бар. Жыл сайынғы тиеу көлемінің құны шамамен 2 млн теңгені құрайды.

Айта кету керек,  Индустрияландыру картасына енгізіліп, іске асырылып жатқан жоба ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. Осылайша 140 жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке түсетін салық көлемі көбейіп, Қазақстан Республикасы мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамту үлесі артады.

Сонымен қатар, терминалда пайдалануға беру процесінде қоршаған ортаның ластануын төмендету, аймақтағы жарылу қауіптілігін төмендету, мұнай өнімдерін құю кезіндегі атмосфераға зиянды қалдықтарды шығару көлемін 95 пайыз азайуға мүмкіндік беретін инновациялық құрылғылар пайдаланылады.

Қазақстан мұнда терминалды май мазутын қыздыру бойынша жаңа технологияны пайдаланады. Аталған құрылғы құбырларды пайдалану уақытын ұзартып, мазутты қыздыру  уақытын қысқартады.

«АСКИ-Маңғыстау» ЖШС Қазақстан арқылы мұнай тасымалын жүзеге асырып, су жолы арқылы мұнай өнімдерінің импортын жасайтын, қазақстандық үш мұнай өңдеу зауыттары өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін Ақтау теңіз порты арқылы мұнай өнімдерін тиеу бойынша жалғыз терминал болып саналады. Сонымен қатар терминал Маңғыстау облысының өңірлік нарығына автоматты тиеу арқылы мұнай өнімдерін жөнелтеді».




Яндекс.Метрика