Өңірлер

ҰКП адал тасымалдаушылар мен импортшылар тізімін дайындауда

Қазірде Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кеден одағының сыртқы шекарасын кесіп өту кезінде барынша қолайлы жағдайға ие болуы үшін адал ниетті отандық тасымалдаушылар мен импортшылар тізбесін жасап жатыр, деп хабарлады ҰКП.
Астана қаласы26 Желтоксан , 14:49

«Ақтық тізімді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті анықтайды. Тәуекелдерді басқару жүйесі аясында Ресей аумағы арқылы келетін және Қазақстандағы ішкі тұтынуға арналған жекелеген санат тауарларына қатысты Беларусь пен Ресей құзырлы органдары тарапынан кедендік бақылау барынша азайтылады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Бұл туралы 2014 жылғы 4 желтоқсанда өткен Кеден одағына мүше мемлекеттер кедендік қызметтері Бірлескен алқасында шешілді.

Бұрынырақ Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы СЭҚ отандық қатысушылары мен Ресей арқылы транзитпен автомобиль көлігімен «санкциялық» өнім әкелуші кәсіпорындар түйткілдеріне орай алаңдаушылық білдіргенін естеріңізге сала кетейік.

Ұлттық палата ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың атына жағдайды қарастыруды және кәсіпкерлер құқығын қорғауды сұрап, өтініш жолдады.




Яндекс.Метрика